Жаңалықтар

Бір топ жігіт екі баланы соққыға жыққан

Telegram-дағы Astanovka98 арнасында ел астанасында болған төбелестің видеосы жарияланды. Видео сипаттамасында төбелестің таңғы сағат 4-те Мәметова көшесінде болғаны айтылған, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Астанада Мәметова көшесінде болған төбелеске қатысушылар 15 тәулікке қамауға алынды. Бұған дейін желіде төбелестің видеосы жарияланған.

«Бір топ жігіт екі баланы соққыға жыққан. Кадрдан олардың біреуін тепкілеп, кейін бірнеше рет жұдырықпен ұрғанын көруге болады», — делінген видеоның сипаттамасында.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі желідегі видеоға қатысты түсінік берді.

«Төбелеске қатысушылардың бәрі анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған бала бірнеше жас жігіт тұрған бөтен пәтерге қателесіп кіріп кеткен. Осыдан кейін олардың арасында жанжал туындаған.

Ұсталғандарға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен құқық бұзушылар 15 тәулікке қамауға алынды», — деп хабарлады Полиция департаменті өкілдері.

Ескерту: видеода зорлық-зомбылық көрінісі бар! Психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға бейнежазбаны көруге кеңес бермейміз.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close