
Ақтөбеде мешітте өзіне «уақытша неке» ұсынған ер адам туралы видеосымен жұртты шулатқан блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы да көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды qandastar.kz
Танымал діндар тиктокер жақында хиджабын шешіп, діни стилінен бас тартқанын жариялады.
Желіде тараған жаңа бейнесі қоғамда қызу пікірталас тудырды. Кейбір діндар әйелдер блогерді сынға алса, басқа желі қолданушылары оны қолдап, «денсаулығына байланысты қабылданған шешім» деп пікір білдіруде.
Эммануэлланың күтпеген қадамы әлеуметтік желілерде жаңа талқыға себеп болып отыр.



