Әлеумет және қоғам

Бірінші кездесуде көз жұмған бойжеткен: сотталушының үкімі өзгерді

Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 16 қазанында болған. Айнагүл Кенжебаева жігітпен жолығып, екеуі кафеде әңгімелесіп отырған. Сәлден соң жігіт ашуланып, қызға қол жұмсай бастаған. Жігітті тыныштандыруға тырысқан бойжеткен, одан түк шықпаған соң 102-ге қоңырау соғып, полиция шақырады. Кафеде отырғандар олардың арасындағы жанжалды көргенімен, ешкім араласпаған. Қыз бен жігіт есік алдына шыққан соң, жігіт қызды қатты итеріп жібереді. Басымен арыққа соғылған Айнагүлдің миы шайқалып, сол жерде көз жұмған, – деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші инстанция соты «абайсызда кісі өлтіру» бабымен сотталушыға 2,5 жыл жаза кескен болатын. Бірақ жәбірленуші жақ бұл үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

Алматы қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұл іс бойынша үкімді қайта қарады. Іс материалдарымен танысқан сот алқасы бірінші инстанция сотының үкімінің күшін жойды.

«Сот алқасының қаулысымен азамат Т. абайсызда кісі өліміне әкелген, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы (ҚР ҚК 106-бабының 3-тармағы) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»-делінген баспасөз хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close