Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Бірнеше айдан бері табылмай келе жатқан отбасының ісіне араласқан «атыраулық хакер» сұхбат берді

Атырау облысындағы елді дүрліктірген оқиға кезінде жоғалған азаматтар жайында тың ақпараттарды өз бетінше анықтап, әлеуметтік желіге жариялаған “Атыраулық хакер” өзі жайында ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Sn.kz_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Онымен Қабырбай есімді атыраулық блогер әңгімелескен.

“Есімім — Нұрлан. Мұны бәрі біледі. Мен ешқашан жеке суреттерімді интернетке салмаймын. Бірақ істеген жұмыстарым мен аккаунтым арқылы мені біраз адам біледі деп ойлаймын. Атырауға қарасты Құрманғазы ауданының тумасы боламын. “Хаккер Атырау” аккаунтын инстаграм арқылы жүргіземін. Тақырыбым ІТ саласы, шолулар және ақпараттық қауіпсіздік. Анықтау мен зерттеу бағыттарында видеолар түсіріп жүрмін. Бала күнімнен техника мен технологияға жақын өскенмін. Қазірігі бағдарламалар жұмыс істегенге дейін түрлі саланың дәмін татып көрдім. Жүктасушы, такси да болдым. Кейін өз қызығушылығымның арқасында іздене бастадым, Мәскеуге барып білімімді жетілдірдім. Бірақ маған оқу орындарына қарағанда өзімнің ізденісім көбірек пайдасын тигізді. Бұл салада 2019 жылдан бері келе жатырмын. Ең алғашқы тапсырмам атыраулық азаматтың бұзылған аккаунтын қалпына келтіру үшін қарымта жасалған кибершабуыл болды”, — деді қабілетімен елге танылып үлгерген Нұрлан есімді азамат.

Айта кетейік, “Атыраулық хакер” аталған өңірде бірнеше айдан бері табылмай келген отбасының жоғалуына әулеттің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті деген болжам айтқан еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button