Жаңалықтар

“Бірнеше бала жоғалып кетті”. Ақтауда тегін балмұздаққа таласқандардың әрекеті көптің ашуына тиді

Фото: скрин

Ақтауда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара абыр-сабырға ұласты. Бұл туралы Lada.kz хабарлады, деп жазады qandastar.kz

Куәгерлердің алдын ала мәліметінше, «Толқын-1» шағынауданындағы «Abu Baby» балалар киім дүкенінің алдында жергілікті кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен тәтті мақта таратып, ойын-сауық ұйымдастырған.

Алайда бұл бастама үлкен шу туғызып, дүкен маңында халық лық толып, нағыз дүрлікпе болды.

Өкінішке қарай, той-думан оқыс оқиғамен аяқталды – көпшіліктің ортасында бірнеше бала жоғалып кеткен. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, тәртіпті қадағалауда.

Қалалық әкімдік пен полиция департаменті әзірге жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close