Жаңалықтар
“Бірнеше рет пышақ жарақатын салған”. Алматыда ер адамға шабуыл жасаған күдікті іздестірілуде

Алматы облысында ер адамға шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ жарақатын салғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.
Оқиға Ұзынағаш ауылында болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің қайда екенін анықтау үшін жедел іздестіру шаралары қолға алынған, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Жәбірленуші тірі. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және әділ анықтау мақсатында тергеу және жедел-іздестіру амалдарын жүргізіп жатыр.