Жаңалықтар

Бишімбаев алиментті азырақ төлеу үшін мүлкін қайта рәсімдеткен

Сот Қуандық Бишімбаевтың алимент көлемін қысқарту туралы арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап . 

Адвокат Динара Шәмшекованың айтуынша, 2020 жылы Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман арасында үш балаға алимент өндіру туралы келісім жасалған. Алайда бірнеше ай бұрын Бишімбаев қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, шартты өзгертуді, төлемдер сомасын азайтуды сұрап сотқа жүгінген.

«Нормативтік қаулыға сәйкес, бұл шынымен де шарттарды өзгертуге негіздердің бірі болуы мүмкін, бірақ бұл –сөзсіз негіз емес. Сот талқылауы барысында біз Бишімбаевтың мүлкі бар екенін білдік. Үкім шығарылғанда, қылмыстық сот отырысында оның қандай мүлкі бар екенін де анықтадық. Ол мүлікті басқаға тіркеп тастаған”, – деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, мүлік сыйға тарту шарттары бойынша қайта рәсімделген, яғни экс-министр оны үшінші тұлғаға берген. Осыдан кейін Бишімбаев материалдық жағдайының нашарлағанын айтып, алимент мөлшерін «бірнеше есе» азайтуды сұрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close