Жаңалықтар

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымдары тікелей эфирде қаралатын болады

Фото: Telegram/Jogargy_sot

 

Мұндай шешім сот талқылауына қоғамдық қызығушылықтың артуын ескере отырып қабылданды.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен Іс 2024 жылғы 26 маусымға сағат 10:00-де қарауға тағайындалды.

Осы сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат ҚР Жоғарғы Сотының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел орналастырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін максималды қауіпсіздік мекемесінде 24 жылға бас бостандығынан айырды. Оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де апелляциялық шағым түсірді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close