Жаңалықтар

Бишімбаевты әлі түрмеге отырғызбағаны белгілі болды

Фото: Выход к правде

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын қандай жағдайда өтейтінін түсіндірді. ҚАЖ өкілі Теңізжан Жәнібеков брифингте Бишімбаев изоляторда отырғандықтан, әлі түрмеге ауыстырылмағанын айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz.

«Бишімбаев изолятордан енді шығады. Бұл мәселе 1-2 күнде шешіледі. Ол қауіпсіздігі барынша жоғары жерге ауысады», – деді ол.

Выход к правде телеграм арнасы жазғандай, Бишімбаевпен түрмеде психологтар жұмыс істейді.

«Карантиннен кейін тиісті отрядқа орналастырамыз. Содан кейін онымен тәрбие жұмыстары жүргізіледі, содан кейін жұмысқа орналасады. Психологтар онымен қатардағы сотталғандар сияқты кешенді шаралар жүргізеді», – деп қосты спикер.

Жәнібековтың айтуынша, Бишімбаевты металл немесе ағаш өндеу жұмыстарына тартуы мүмкін.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close