ЖаңалықтарШоу бизнес

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі «әйелқұмар» Дәурен Айдарқұловты сынады

Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман «Замандас» подкастында айтылған актер Дәурен Айдарқұловтың пікірін сынады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы  хабарлайды. 

Оның айтуынша, ол әлеуметтік желіде жариялаған видеосын «хайп» немесе белгілі бір адамды айыптау мақсатында емес, қоғамда айтылған ойларға сыни тұрғыда қарау қажеттігінен бөліскен.

Назым Қаһарман дін атын жамылып, әйелге қатысты бірқатар әрекеттердің ақталуын дұрыс емес деп санайды.

«Бұл – сенім де емес, дәстүр де емес. Бұл –  “маған бәрі болады” дейтін нарциссистік ұстаным және жауапсыз билік», – дейді ол Instagram парақшасында.

Назым Қаһарман көп әйел алудың өзі күрделі әрі этикалық, рухани жауапкершілігі жоғары мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ұғым ешқашан әйелді кемсітуге, жасырын шешімдер қабылдауға немесе оның сезімін жоққа шығаруға негіз болмауы тиіс.

«Мен бұл туралы ашумен емес, құрметпен айтып отырмын. Әйелге, сау қарым-қатынасқа деген құрметпен. Бұл – менің жеке, саналы әрі принципті пікірім», – деп түйіндеді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button