
«Салтанат Дима Биланның концертінде нөмір таба алмаған эпизод естеріңізде ме? Сол кезде Бишімбаев оған «енді саған ол керек емес» деген еді. Оның ерте ме, кеш пе Салтанаттан құтылу ниеті болған», — деді адвокат.
Адвокат Вранчев сотта жәбірленуші тараптың сөзін қорытындылап жатыр. Вранчевтың сөзінше, Байжанов өзін қазақтың қарапайым баласы ретінде көрсетуге тырысты. Шындығында, бұлай емес, ол нағыз сыбайлас дейді.