Білім

Биыл 12 адам «Болашақ» бағдарламасының стипендиясынан айырылған

Фото: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқандарға қатысты, сондай-ақ биыл бағдарлама аясында білім алғандардың нешеуі шетелде қалғаны жайында түсінік берді, деп жазды qandastar.kz

– Қазіргі кезде «Болашақ» бағдарламасы аясында оқу мониторингінде 1 096 стипендиат бар, оның ішінде 833 адам – магистратура бағдарламасы бойынша, 145 адам – докторантура бағытында, сондай-ақ тағылымдама аясында 118 адам қамтылған. Гуманитарлық мамандықтар – 443 адам (40,4%), техникалық бағытта – 482 адам (43,9%), медициналық салада – 137 адам (12,5%), ал шығармашылық мамандықтарға 34 адам (3,1%) енген, – делінген Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, қазір:

АҚШ және Канадада – 559 адам (51%)
Ұлыбритания мен Ирландияда – 391 адам (35,7%)
Еуропада – 67 адам (6,1%)
ТМД елдерінде – 13 адам (1,2%)
Азияда – 25 адам (2,3%)
Океанияда 41 адам (3,7%) білім алып жүр.

Қазір академиялық оқуда – 562 адам (51,3%), академиялық оқуға орналастыруға бағытталған – 36 адам (3,3%), тағылымдамаларда – 65 адам (5,9%), оқуға баруды күтіп отырған – 79 адам (7,2%), академиялық демалыста – 15 адам (1,4%), демалыста – 6 адам (0,5%), сондай-ақ академиялық оқуды аяқтап, дипломын күтіп отырған стипендиаттар қатарында 160 адам (14,6%) бар. Мұнымен қоса, Қазақстанда және шетелде бақылау жұмыстарында – 106 адам (9,7%), тіл курстарына орналастыруға бағытталған – 49 адам (4,5%), тіл курстарында жүрген 18 адам (1,6%) қамтылған, – деп нақтылады министрлік.

Жалпы, 2024 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 230 адам оқуын аяқтады. Стпиендиядан өз еркімен бас тартқандар да бар.

– Шетелде болуына байланысты 2024 жылы 12 адам барлық шығындарын өтей отырып, стипендиядан айырылды, 18 адам барлық шығындарын өтей отырып, өз еркімен стипендиядан бас тартты, – деп аталып өткен Ғылым министрлігі ақпаратында.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close