Жаңалықтар

Биыл құжаттарды жасау бағасы қымбаттайды

Сурет: egov.kz

Барлық құжатқа төленетін сома өскен

2025 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгеден 3932 теңгеге ұлғаяды. Демек, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдармен қатар, құжат жасау үшін төленуі тиіс сома да өседі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке куәлік алу бұдан былай 787 теңге тұрады.

Балалар куәлігін алуға 4 АЕК – 15 728 теңгеге қымбаттады.

Шетелге шығу үшін паспорт жасатуға бұдан былай 31 456 теңге төлеу керек. Бұл 8 беттігі үшін төленетін сома. Ал 12 беттік паспорттың құны 47 184 теңгеге қымбаттады.

Ажырасуға өтінім беру үшін 4 АЕК – 7864 теңге төлеу керек.

Некеге тұру 3932 теңге тұрса, жүргізуші куәлігі 4915 теңге тұрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close