ЖаңалықтарШоу бизнес

«Біз ешкімнің есебінен өмір сүріп жатқан жоқпыз» Айдарбекованың екінші келіні көпшіліктің пікірімен келіспейтінін айтты

Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні, Айгерім Саркенова әлеуметтік желідегі теріс пікірлерге қатысты пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz

Әншінің келіні кей адамдардың оның отбасы «біреудің есебінен өмір сүріп жатыр» деген ойына түбегейлі қарсы екенін айтты. Айгерімнің сөзінше, әрбір жетістік — еңбектің, талпыныс пен адалдықтың нәтижесі.

– Әлеуметтік желідегі теріс пікірлерге әдетте сабырмен қараймын, себебі шындыққа жанаспайтын сөздер мені ауыртпайды. Бірақ абыройыма және отбасымның намысына кір келтіретін, негізсіз айыптайтын пікірлерге үнсіз қалу — менің табиғатыма жат.

Кейбіреулер бізді өзгенің есебінен өмір сүріп жатыр деп ойлайды. Иә, біздің отбасымызда расында да елге еңбегі сіңген, ауқымды тұлға бар. Біз бұған шын мақтанамыз. Мұндай туыстық байланыстар кейде жаңа мүмкіндіктер ашады, бірақ сол мүмкіндіктерді пайдалану — адамның өз еңбегіне, ақылына және талпынысына байланысты.

Біз үшін «дайын дүниеге ие болу» деген ұғым жат. Әркімнің өз өмірі, өз мақсаты мен күресі бар. Барлық жетістік еңбек пен сенімнің нәтижесінде келеді.

Көпшілік сыртқы жылтырды ғана көреді, ал еңбектің, күрестің көлеңкеде қалған жағын байқамайды. Сондықтан ешкімнің еңбегін бағаламай тұрып, жала жаппаңыздар. Уақыт бәрін өз орнына қояды — шындық бәрібір жарыққа шығады, – деп жазды ол.

Back to top button