Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде видео жариялап, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеоны актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Тағы бір ауылда 5 актермен 2 локацияда кино түсіріп, миллиард жинауға ниеттенгені үшін DBO production халықтан кешірім сұрады», — деп жазылған жарияланымда.
Продюсер тағы бір кино түсіргенін хабарлады.
«Не дейін енді? Өздеріңіз айтыңыздаршы?! Бізде бәрі шынайы. Көрермен, Таптым-ау сені 3 түсірілді», — деп жазды ол.
Оқырмандары актрисаға қолдау білдіріп жатыр.



