ЖаңалықтарШоу бизнес

«Бізді қорлайсыздар»: Қайрат Нұртастың ортаншы қызы сыншыларға жауап берді (ВИДЕО)

Жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың ортаншы қызы Алуа өзін сынап, пікір жазатындарға жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алуа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік видео жариялап, жан сырын ақтарды.

«Мен емес — осының барлығын жазып отырған адам ұялу керек», — деп жазды ол.

Бойжеткенге танымал әжесі Гүлзира Айдарбекова да қолдау білдірді.

«Алау қызымның жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы шындығында қатты батты, пәленшенің немересі, түгеншенің қызы деп тиісу де аз болған жоқ. Қандай перзентіміз болса да ішкі дүниесі адалынан болсын. Небір сырт көзге сыпайы, керек десеңіз орамалменде көріп жатырмыз, беті жылтыр іші қылтыр. Бастысы екі жүзділік болмасын ұрпағымызда. Бізде ең ауыры, біреу алға шықса аяқтан тарту өте көп, өсек бітпейді. Бұйыртса Алау қызым алаулаған жалынды, қайсар қыз болып, бүкіл Қазақ елінің мақтанышы болуын Алла қабыл етсін!» — деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары жасөспірімнің әрекетіне сүйсініп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button