Жаңалықтар

«Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ»: Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды, деп хабарлайды Qandastar.kz

Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Фото: Ақорда

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті.

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close