Жаңалықтар

БҚО-да ашылғанына екі жыл болған мектеп қирап жатыр

Батыс Қазақстан облысы, Магистральное ауылындағы жаңа мектеп ашылғанына небәрі екі жыл болса да, ғимараттың қабырғалары жарылып, едендері ойылып, қирай бастаған, деп хабарлайды qandastar.kz.

Бастапқыда жағдай туралы ешкім хабарламаған. Алайда қазан айының соңында оқу орнына жаңа директор келіп, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігіне алаңдап, тиісті мекемелерге ресми түрде хабар берген.

Қазір балалар көрші ауылдардағы мектептерге уақытша ауыстырылған. Оларды тасымалдау үшін арнайы көлік ұйымдастырылып, кезекші мұғалімдер бекітілген.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, зақымдалған қабырғалар бұзылып, қайта қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстары жақын арада басталмақ.

Жергілікті тұрғындар мен ата-аналар болса, жаңа салынған мектептің осылай қысқа мерзімде жарамсыз күйге түскеніне алаңдаулы.

 

Back to top button