Жаңалықтар

БҚО-да мас күйінде көзге түскен прокурор қызметінен босатылды

Фото: скриншот

Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев қызметтік тексерудің қорытындысы шыққанын хабарлады, деп хабарлады qandastar.kz сайты umarovnews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео пайда болғаннан кейін Абылай Бисқалиев медициналық тексеруден өтіп, оның мас емес екені анықталған

«Фото мен видеоның түсірілген күнін нақты анықтау мүмкін болмады. Видео талқыға түсіп кетті. Әдеп кодексіне сәйкес, прокуратура қызметкерлері қоғам мен мемлекеттің алдындағы жауапкершілікті түсініп, мемлекеттік биліктің беделін түсіріп, мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері ықпал етіп, теріс қоғамдық пікір тудыратын әрекеттерге жол бермеуге тиіс», – деп атап өтті БҚО прокуратурасы.

Анықталғандай, 15 тамызда жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы және облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясының ұсынысы негізінде Абылай Бисқалиев қызметтік талаптарды толық орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық мінез-құлқына қойылатын жоғары талаптарды түсінген Бисқалиев өз еркімен қызметінен босатуды сұрады. 20 тамызда ол Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды», – делінген ресми жауапта.

Еске сала кетейік, 12 тамызда Оралда әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің видеосы тараған болатын. Кадрларда тапа-тал түсте қатты мас күйде көпқабатты үйдің артында тұрып, селт ете түскен ер адам көрінеді. Видео қызметтік тергеуге себеп болды.

Серіктес жаңалықтары

Тоқаев Нұртай Әбіқаевтың ұлын қызметінен босатты

Азия чемпионаты: 9 боксшымыз финалға шықты

Парламенттен әйелге қырындағаны үшін кеткен депутат танымал әншінің әкесі болып шықты

Мадина Ералиеваның өлімі қасақана ұйымдастырылғаны рас па?

Қайрат Мәмидің күйеубаласы Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі қызметінен босатылды

«Оларға ешкім қарсы келмейді»: Путиннің екі ұлы жайлы мәлімет жарияланды

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close