Жаңалықтар

БҚО-да тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында Өлеңті және Бұлдырты өзендерінің тасуынан 3 ауылды су басып, 243 үйге су кірген еді.

Арнайы комиссия шешімімен соның 114-і жарамсыз деп танылып, жаңадан салынатын болды. Қазір мердігерлер анықталып, құрылыс басталды. Биылғыдай тасқынды бұрын-соңды көрмедік дейді Бұлдырты ауылының көнекөздері. Қырдан аққан қызыл су Бұлдырты өзенінің арнасына сыймай, ауылдың шеткері көшелеріне дейін жайылған. 25 үй жарамсыз болған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды. Ойпаң жердегі 10 үй ауыл шетіне көшірілмек.

Келесіде су баспас үшін өзгелерінің іргетасы да барынша биік қып құйымақ. Айбек Мажит, мердігер мекеме өкілі: – Жерден 80 см шығып тұрады, жерге 80 см кіріп тұрады. 1 метр 60 фундамент. Фундаментке жақсы көңіл бөлген. 8 бригада қазір жұмыс жасап жатыр үйді қатар бітіру мақсатында. Жергілікті тұрғындардан екі бригаданы алдық, қалғандары өңірдің басқа аудандарынан құраған. Жомарт Нұрпейіс, Бұлдырты ауылының тұрғыны: – Менің үйім «шитовой» үй болған.

Ескі үй ғой. Табиғи апаттан су кетіп, осы жерде осы көшеден 10 үй кетіп қалдық қой. Сол «сносқа» кетті.  Құрылысты бастап жатыр. Ризамыз. Фундамент құйып жатыр келіп. Тастарын тасып жатыр. Сырым ауданында Бұлдыртыдан басқа Өлеңті, Жымпиты ауылдары да тасқыннан зардап шекті. Суға кеткен 253 үйдің 114 жарамсыз деп танылды. Құрылысқа қажетті қаржы «Қазақстан халқына» қорынан қаралмақ. Одан бөлек Өлеңті өзенінің жағасына қорғаныс бөгетін салу көзделген.

Қайрат Төлепов, Сырым ауданы әкімінің орынбасары: – Өлеңті жағасы бойынша дамба саламыз деп отырмыз. Жоба-сметалық құжаттары жасалған. Соған өзгеріс енгізіп жатырмыз. Содан кейін қаржы бөлінгесін сол Өлеңті бойына ұзындығы 4 км, биіктігі 7 метр болатындай дамба саламыз деп жоспарлап отырмыз. Сырым ауданында салынатын тұрғын үй құрылысына 8 мердігер тартылған. Қазір барлық үйдің құрылысы басталды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close