Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

БҚО: Фермер мемлекеттің 150 млн теңге субсидиясын сауна салуға жұмсаған

Батыс Қазақстанда фермер мал шаруашылығына арналған несиені сауна салуға жұмсаған, деп жазды qandastar.kz. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Белгілі болғандай, кәсіпкер «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мал сатып алу үшін жеңілдетілген несие рәсімдеген. Мемлекет оған 126,7 миллион теңге бөлген. Алайда шаруашылықты дамыту орнына ол бұл қаржыны жер сатып алуға, сауна мен сауда үйін тұрғызуға жұмсаған.

Сонымен қатар, фермер мал сатып алдым деп жалған құжаттар дайындап, деректер базасына жалған мәлімет енгізген. Осылайша ол қосымша 24 миллион теңге көлемінде субсидия алған.

Жалпы, ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген 150 миллион теңгеден астам қаржы жеке мақсатқа жұмсалған. Барлық мүлік туысының атына тіркелген, осылайша ол заңсыз табысты жасырып қалмақ болған.

Қаржы мониторингі агенттігінің тексеруі нәтижесінде алаяқтық әрекеттер әшкереленді. Сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ жалпы құны 198 миллион теңге болатын екі жер телімі, сауна, сауда үйі мен көлікке тыйым салынды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button