Жаңалықтар

БҚО: Су тасқынынан зардап шеккен тұрғынның үйін әкімдік тартып алмақшы

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Айнұр Сабыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, үкімет басшысына, парламент төрағаларына және мәжіліс депутаттарына дейін шағым жолдап, өз мәселесін жеткізді,  деп хабарлайды qandastar.kz

Оның айтуынша, 2024 жылы Орал қаласын су басқан кезде оның үйіне газ бен су беру тоқтатылып, баспанасы толығымен жарамсыз күйге түскен. Сол кезде Президент «зардап шеккен азаматтар үйсіз қалмасын» деп тапсырма бергеннен кейін, Орал қаласы әкімдігі арнайы комиссиямен жағдайды қарап, суға кеткен үйлерді тұруға жарамсыз деп таныған. Нәтижесінде 2024 жылдың шілдесінде оның отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етілген.

«Енді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев бізді сотқа беріп, қала әкімдігі берген үйлерді заңсыз деп тануды сұрап отыр. Үйді алған кезде құжаттарымыз бірнеше комиссиядан және мемлекеттік органдардың тексерістерінен өтті. Суға кеткен үйлерімізді мамандар өз көздерімен көрді. Үй-жайымызды жерімен бірге мемлекетке өткіздік. Қазір ол біздің атымызда жоқ, үйлер сүрілді, орны ғана қалды. Маған үйді “Алагеум Трансформатор” зауыты алып берген. Енді қыс жақындағанда облыс әкімдігі бізді бір-бірлеп сотқа сүйреп, үйімізді тартып алмақшы. Қыста бала-шағамызбен қайда барамыз? Суға кеткен үйімізді көріп, комиссия шешім шығарды. Сол шешімді облыс әкімдігі не үшін заңсыз деп танытқысы келеді?» – дейді Айнұр Сабыр.

Әзірге әкімдіктен ресми ақпарат жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button