Белгілі блогер Aeka Posh әлеуметтік желіде орамалсыз суреттерін жариялап, бұл шешімін жеке таңдауы екенін мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz.
«Хиджаб таққанда көп әңгіме айтылды. Енді ондай болмайтын шығар. Айналам мейірімге толы болғанын қалаймын. Ешкімнен қолдау не кеңес күтпеймін. Тек құрмет болса болғаны. Бұл – менің жолым, ешкімге ештеңе дәлелдемеймін», – деп жазды ол өз парақшасында.
Айта кетсек, бұған дейін блогер ұзатуында сырғаның орнына білезік таққан еді. Оның айтуынша, бала кезінде құлағына ота жасалғандықтан сырға таға алмайды, сондықтан сән үйінен білезік тағуды өтінген.



