28 жастағы Archibaaalt лақабымен танымал блогер Артур Асқарұлы, жуырда әке атанатыны мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz.
Қуанышты жаңалықпен ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Қыз ба, ұл ма?» – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары жас отбасын жарыса құттықтап жатыр.
«Құтты болсын!», «Жүктілік жеңіл өтсін», «Бұл кішкентай Артур болады», «Қуаныштарыңыз құтты болсын, көзіме жас келді», – деп жазды олар пікірлерінде.



