Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Блогер Бердоңғаров Баян Алагөзованың көп некелесуді заңдастыру идеясын қолдады

Мәжілістің бұрынғы депутаты, блогер Тәңірберген Бердоңғаров продюсер Баян Алагөзованың елде көп некелесуді заңдастыру жөніндегі бастамасына қатысты өз көзқарасын білдірді, деп жазады qandastar.kz

Көпшілікті таңқалдырған Бердоңғаров Алагөзованың пікірін қолдайтынын жеткізді.

«Мен бұл ұсыныспен келісемін. Қазір ер адамдар бұрынғыдай емес — көпшілігі әйелінің ықпалында, шешімді де көбіне әйел қабылдайды. Сондықтан мұндай ерлер үшін ерік-жігері мықты әйелдің екі күйеуі болса, оны қалыпты жағдай деп есептеуге болады. Бірі үй шаруасына, екіншісі тамақ дайындауға жауап берсе — неге болмасқа? Егер қоғамда мұндай қатынастар орын алып жатса, оларды заң аясында реттеу керек деп ойлаймын», — деді ол.

Еске сала кетсек, күні бұрын продюсер Баян Алагөзова депутат Абзал Құспанның сөзіне жауап ретінде әйелдерге де бірнеше рет тұрмысқа шығуға мүмкіндік беруді заңмен бекітуді ұсынған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button