Жаңалықтар

Блогер Елдос «Колобок» ұлының бесік тойын жасады

Танымал блогер Елдос Колобок көптен күткен ұлының бесікке салу рәсімін жасады, деп жазады qandastar.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Ол қуанышты сәттің бейнежазбасын әлеуметтік желіде жариялады. Жылы әрі дәстүрге толы шараға жақындары мен туыс-бауырлары жиналып, жас отбасының қуанышына ортақтасты.

Әлем баламызды бесікке салу рәсімі. Тілекші халыққа рақмет, барлығына жұғысты болсын. Алла разы болсын. Әлем Елдосұлы, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогерді қуанышымен құттықтап, отбасына бақыт тіледі.

Айта кетейік, блогер тоғыз жыл күткен ұлына ерекше есім таңдаған. Әлемге үлгілі азамат болсын деген ниетпен «Әлем» деген есім қойған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button