Жаңалықтар

Блогер министрліктен мұғалімдерді жайына қалдыруын өтінді

Фото: жеке қорынан

Ақшасын көтердік деп, сол айлықтарын желкелерінен шығару ғой біздікі… Не сұмдық мынау!?

Әлеуметтік желілерде мұғалімдердің жанайқайын жиі айтатын танымал блогер Бәкіжан Хәкім министрліктен мұғалімдерді жайына қалдыруын өтінді, деп хабарлайды qandastar.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол қазіргі мұғалімдер балаларға бітпейтін қағаздың кесірінен көңіл бөле алмайтынын жеткізді.

«Білім сапасын қалай көтереміз? Ең оңай лайфхак, ең жеңіл сұрақтардың бірі осы шығар. Мұғалімдерге тиіспеңіздер, еркіндік, уақыт беріңіздер. Мұғалімдердің қазір балалармен айналысатын уақыты жоқ қой? Қағаздан қағаз, тесттен тест, курстан курс, конференциядан конференция, форуманан форум. Мұғалімдер шаршады. Олардың балаға көңіл бөлетін уақыты жоқ. Мұғалімдер  педагогиканың кайфынан қалды ғой. Мұғалімнің жұмысының рахаты жоқ қой. Біз қазір мұғалімдерді қағаздармен көмкеріп тастағанбыз. Алдағы уақытта ешқандай білім сапасы болмайды.

Балалармен, кітаптармен айналысыңыздар. Кітаптарда қаншама қате… Өріп жүр тек… Отстаньте от учителей. Ақшасын көтердік деп, сол айлықтарын желкелерінен шығару ғой біздікі… Не сұмдық мынау!?», — деді блогер әлеуметтік желіде.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close