Жаңалықтар
Блогер Zheka Fatbelly тойын несиеге жасап, қарыздан қалай құтылғанын айтты
Фото: ашық дереккөз
Блогер Zheka Fatbelly (Жеңіс Омаров) той жасау үшін несие алғанын айтты, деп жазды qandastar.kz
«Молданазар ән шырқап, мен қалыңдығыммен қайықта бірге қол ұстасып шыққан тойым естеріңізде ме? Дәл сол тойды мен несие алып өткіздім. Өткен айда ғана қарызын толық жауып болдым. Қалай қатты депресияға ұщырағанымды әйелім біледі. Үйде көп мазасызданып жүрдім, көбіне үйге келмеуді шығардым. Ойым басқа жақта жүрді. Бір жерге маркетолог болып жұмысқа орналасып, күні түні жұмыс істей бастадым. Қаржылық сауатсыздығымның кесірінен көп қиындыққа ұшырадым. Тіпті, пәтерімді сатуға бел байладым. Сондықтан біреудің аспаннан ақша түседі дегеніне сенбеңіздер. Бұның барлығы біліммен келеді», – деді блогер Жеңіс Омаров.