Жаңалықтар

Боксер Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты сот отырысы белгіленді

Танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша Ресей сотының алдына шығады, деп жазады qandastar.kz басылымы «Вечерний Бишкек» сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, әкімшілік іс бойынша сот отырысы 2026 жылғы 29 қаңтарға белгіленген. Тыңдау Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық сотында өтеді.

Іске негіз болған — Екатерина Биволдың өткен жылдың қазан айында Telegram-арнасында жариялаған видеожазбасы. Басылымның хабарлауынша, экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері аталған бейнематериалда қырғыз және қазақ ұлттарының өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын пікірлер бар деп таныған. Бұл тұжырым тиісті сараптама қорытындысымен расталған.

Аталған жайт бойынша Екатерина Биволға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қолданыстағы бап санкциялары ірі көлемдегі айыппұлды немесе әкімшілік қамауды көздейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button