Жаңалықтар

Боксшы Нұрбек Оралбай финалға шықты

Фото: ашық дереккөз

Отандасымыз олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады.

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді.

Төрешілер есебі: 3-2.

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен.

Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close