Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары жаппай жұмыстан шығарылды

Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы ақпарат бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды, — деп хабарлайды qandastar.kz фейсбук желісінің қолданушысы Бексұлтан Жанәділовке сілтеме жасап.
“Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз”, – делінген жазбада.
Тізім:
— Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов;
— Бас бапкер – Мырзағали Айтжанов;
— Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев;
— Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп;
— Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус.
Алайда ақпарат жарияланған соң бірнеше минуттан кейін бокс федерациясының ресми парақшасынан өшірілді.