
Германияда кіндік қаны тамып, Ұлыбритания бойжеткен неміс қызы Сабина Мастерс бұрын Ресейде, Брунея мен Сирияда тұрған. Төрт жыл бұрын мұнайлы өңірге күйеуінің жұмыс бабымен көшіп келген.
Оның айтуынша, мамандығы – дәрігер. Қазақстанға келісімен қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен әдебиетін, мәдениетін зерттеуге ден қойыпты.
«Домбыраның үніне, қос ішегінен күмбірлей шыққан күйдің құдіретіне таңғаламын. Қазақ ауылдарын аралап, Құрманғазының мұрасын толық зерттегім келеді», — дейді Сабина Мастерс.