Білім
«Болашақ» бағдарламасы ұлт мүддесіне емес, қалталылардың балаларына қызмет етіп отыр» – жазушы Роза Мұқанова
Фото: ашық дереккөз
Белгілі жазушы Роза Мұқанова «Болашақ» бағдарламасының ұлт мүддесіне кереғар жұмыс жасап отырғанын айтты. Жазушы қалталылардың балалары стипендия алып, қазақтілділердің шеттетілетінін жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz
Шенеуніктердің, қала берді қалталылардың балаларын шетелдің ең әйгілі оқу орындарына мемлекет есебінен жіберуді көздейтіні белгілі.
Бірақ олардың балалары болашақта ҚАЗАҚ мемлекетіне, Отанына қайтып келіп, қызмет ететініне күмәнім бар. Бұл менің ата-ана ретіндегі көзім жеткен, ұлт ретінде, азамат ретінде намысым тапталған мәселе! «Болашақты» реформалау керек және ол жерге қазақтілді, отаншыл мамандарды шоғырландыру керек деп ойлаймын, – дейді жазушы.
Темірбаев сұхбаттасу кезінде «сіз орыс тілінде акцентпен сөйлегеніңіз үшін Қазақстанды ұятқа қалдырасыз» деген сөзді естігенін мәлім етті. Ол үміткер ретінде себепсіз іріктеу кезеңінен өтпей қалғанын, комиссия құрамында спорт пен медицинадан хабарсыз тұлғалар отырғанын жеткізді.
Ulysmedia.kz порталының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жарияланған жазбада Жасұлан «орыс тілін білмегенім үшін елімді ұятқа қалдырамын ба?» деген орынды сауалды қозғайды. Іріктеу кезеңінде «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп айтқан комиссия мүшесінің не себептен мұндай сөзді айтқанын түсінбейді. Осы жазба кейіннен әлеуметтік желіде белсенді тұлғалар парақшасында жарияланып талқыға түсті. Осыны оқыған желі қолданушылары пікір алаңында мұның нағыз бассыздық екенін ашық айтады.
Әңгіме қарапайым сұхбат кезінде туындаған. Комиссияда бес мүше болған.
Сіз не үшін «Болашақ» бағдарламасымен барғыңыз келеді? Неліктен Американы таңдадыңыз? Оралған соң қандай жұмыспен айналысасыз деген қарапайым сұрақтар қойылды. Бір ескеретін жәйт, сұхбаттың жартысынан көбі орыс тілінде өтті. Мен бұған дейін орыс тілін керемет меңгергенмін деп ойлайтынмын. Сұрақ-жауап соңына таман комиссия мүшесіндегі көзәйнекті әйел кісі «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп тура осылай айтты. Оған жауап ретінде бұл нәрсе менің шетелде оқуыма ешқандай кедергі келтірмейді дедім, – дейді ол.
Жасұлан орыс тілі ана тілі емес екенін, бірақ ол тілді жетік меңгергенін, академиялық деңгейде ойын жеткізе алатынын айтқан.
Үміткердің сөзінше, комиссия мүшелері ағылшын тілін емес, орыс тілін маңызды санаған. Бұл тұста тағы бір басты мәселе бар.
Мен «Болашақ» стипендиясына дайындайтын ұйым арқылы тапсырдым. Менің тобымда тоғыз адам болды. Қатарымдағы үміткерлердің ішінде ағылшын тілін ең жетік меңгергені мен едім. Ағылшыншасы жүйрік адамды емес орыс тілін білгендерді өткізді. Бұл жерде ойландыратын ең маңызды мәселе осы. Алдағы уақытта дәл осы сұрауға жауап талап етпекпін, – дейді ол.
Жасұлан Темірбаев қазақ орыс тілінде акцентсіз сөйлеу керек дегенді алға тартып тұрғаны шамына тиетінін жеткізді.
Ал, тілге қатысты Темірбаевтің дауы жөнінде министрлік ешқандай ақпарат бермеді.