Жаңалықтар

Болат Назарбаевтың қызы 50 жасын дүркіретіп атап өтті

Фото:Orda.kz

Болат Назарбаевтың қызы, бұрынғы судья Гүлмира Әбішева 50 жас мерейтойын сән-салтанатпен дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды qandastar.kz

23 шілде күні Гүлмира Әбішева мерейтойын жоғары лауазымды адамдар мен әртістерді шақырып, дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы әнші  Шахман Далдаев Instagram парақшасында айтты.

Куәгерлердің айтуынша, мерейтойда әнші Шамхан Далдаев, Алатау ауданы ПБ жанындағы ОП басшысының орынбасары Әсет Көпешбаев, оның әріптесі Самат Берістемов, Алматыдан судья Саида Болат, сондай-ақ Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының жұбайы және басқа да қонақтар болған.

Orda.kz жазғандай, Гүлмира Әбішева экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың бірінші некеден туған қызы. Ол Бас прокуратурада және сотта жұмыс істеген. Сонымен қатар, Жетісу және Қарасай аудандық соттары мен Алматы облысындағы Қарасай әкімшілік сотын басқарды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close