Жаңалықтар
Болат Назарбаевтың сенімді серігі Елдос Коспаев 15 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Коспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне үкім шығарды. Ол 15 жылға сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz
Деректерге сай, сотталушы орындықта 11 адам болды.
Сот шешімімен Елдос Коспаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың қыркүйегінде Елдос Коспаев пен оның топ мүшелері «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да ірі компанияларды рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ұсталды. Оны ұйымдасқан тобымен бірге Солтүстік Кипрде ұстап, Қазақстанға жеткізді.