Әлеумет және қоғам

Болат Өтемұратов қоры көпбалалы отбасыларға 500 пәтер сыйлады

Фото: ашық дереккөз

Қор берген пәтерлер «жайлы» санатына жатады. Сонымен қатар Астананың заманауи тұрғын үй кешендерінде орналасқан, деп жазады qandastar.kz Болат Өтемұратов қорына сілтеме жасап хабарлайды.

Болат Өтемұратов қоры баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін Астана қаласының әкімдігіне жалпы құны 10,5 миллиард теңге болатын 500 пәтерді өтеусіз табыстау процесін аяқтады. «Баламекен» қайырымдылық жобасы аясында жаңа пәтерге ие болғандар қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар және бюджеттік саланың басқа да қызметкерлері бар.

Барлық үйлер жылдам лифтілермен, бет-әлпетті тану жүйесімен, жерасты автотұрақтарымен жабдықталған және аула аумағы кең.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бұл маңызды әрі уақытылы қайырымдылық жобасы үшін алғысын білдірді.

«Бұл бастама — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің және қоғам игілігі үшін жасалған ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Азаматтарымыздың өмір сүру жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін Болат Өтемұратов қорына алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті елорда әкімі.

Жаңа пәтерге ие болған өрт сөндіруші Ерлан Шайхымов өз әсерін бөлісті.

«Мұндай пәтерді алу – біз үшін нағыз мереке. Мен бес баланың әкесімін, бұл – біз үшін үлкен қолдау. Енді біз болашағымызға сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүре аламыз. Осындай мүмкіндік үшін алғысымыз шексіз», – деді ол.

Болат Өтемұратов қорының «Баламекен» қайырымдылық жобасы 2019 жылы баспанаға мұқтаж қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған. Жоба аясында Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарында шамамен 1 000 отбасы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар мен табиғи апаттардан зардап шеккендер бар – бәрі де өз баспанасына қол жеткізді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close