Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Болгариялық журналист: Ресейлік арнайы қызмет Тоқаевтың ұлына қарсы арнайы операция әзірлеп жатыр
Фото: ашық дереккөз
Белгілі болгариялық зерттеуші-журналист Христо Грозев Украинаның 24 канал берген сұхбатында Лондон сотында Тоқаевтың ұлына қарсы дайындалып жатқан арнайы операцияларға қатысты дәлелдер ұсынылғанын айтты. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Христо Грозевтің айтуынша, қазір Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар «қатты берік емес».
«Жақында сотта ресейлік барлау қызметтерінің 2023 жылға дейін Қазақстан президентінің ұлына қарсы арнайы операциялар дайындағаны туралы дәлелдер жарияланды”, — деді Христо Грозев.
Христо Грозев айтып отырған іс Лондонның Орталық қылмыстық сотында қаралып жатыр. Болгарияның бірнеше азаматы Ресей барлауына жұмыс істеді деп айыпталып отыр.
Жиындардың бірінде барлаушы топ мүшелерінің Қазақстан президентін қалай қаралауды жоспарлағаны туралы мәліметтер белгілі болды. Қазақстанға жасалған ақпараттық шабуылдың нысанасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Тимур болуы мүмкін.
Олар Астанаға ықпал ету үшін президенттің ұлына қарсы компроматтар ойлап таппақ болған дейді.