Жаңалықтар
«Бос мақтануды ғана білеміз». Президент кеңесшісі танымал зілтеміршінің күзетші болып жүргеніне қынжылды
Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Сқақов ұлттық спорттағы соқталы мәселелерді сөз етіп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешев қазір күзетші болып жұмыс істеп жүргеніне қынжылды. Бос мақтан қуып, нақ шебер спортшыларымыздың бағаламай жатқанымызды жазды, деп хабарлайдыAlash.KZ ұлттық порталы.
Бұл жайлы автор:
Қара нар жүк көтермес, бел кеткен соң-деп қазақ бекер айтпайды. Алмас бауырым:”Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қынжылам”- деп сұхбатында әбден ағынан жарылыпты.Айтқанының бәрі рас. Өкпесі орынды баланың. Мемлекеттің туы, өзге елде, екі жағдайда көтеріледі, алғашқысы, Мемлекет басшысы барғанда, соңғысы спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтерілгенде.Алмас қарапайым көп қарадомалақтардың бірі емес. Қоржынға жүлде салатын әлемнің додаларында, қазақтың көкбайрағын көтерген, піл табан, апайтөс, тау көтеріп, мойнына күміс ілген Толағайымыз-еді ғой…..Спорттан кеткен соң: “Иттен әрі, кісіден бері”- күйі мынау. Ең болмаса зіл темір көтеретін жас буынға ақылын айтып, тәжірбиесімен бөлісуге жарар еді ғой. Оны қаперіне алып жатқан спорт басшылығы жоқ. Өкінішті…..Біз сағым қуалап, бос мақтанның соңында кеткенімізге қанша жылдар болды?… Жүлде алса жүйрігім-дейміз. Табаны тайса, бұл тағдырдың бұйрығы-деп тез ұмытамыз ту көтерген тау тұлғаларымызды…….Өкініштісі, бүгінде барлық салада осы үрдіс қайталануда. Қызметтен кетсе, зейнетке шықса, тұғырынан тайса біз адам іздемейтін болдық. Өкпе жиналса, әсер етеді көпге-деген сөздің де мағынасын ұмытпайық ағайын…..,Батыр Маханбеттің:”Мен бір алмас қылышпын, қайрауын таппай кетілген. Қайраса қайта жетілген”- деген сөзінің астарында мәні бар ағайын.Қайрауын таппай кетілген, қаншама Алмас қылыштай азаматтарың жүр ортаңда. Қайрасаң қайта жетілмей ме?Жауға салар жаужүректердің басын бітпес дауға салып қойдық. Желдің өтінде, елдің шетінде жылқы бағатын жігерлі жігіттерге, қой емес, қозы баққызғанымызда қорлық емес пе? Оларға…..“Құм жыйылып тас болмас. Құл жыйылып бас болмас”- деген. Әшейінде ауыз жаппай, бүйте берсек, жау келгенде адам таппай жүрмейік… – деп жазды.