Әлеумет және қоғам

Бозымбаев: Қала құрылысында қауіпсіздік пен жауапкершілік күшейтіледі

Қанат Бозымбаев Алатау қаласын салуда гибридтік модель қолданылатынын айтты. Оның сөзінше, жобалаушылардың жеке жауапкершілігі күшейтіліп, міндетті сақтандыру енгізу арқылы құрылыс қауіпсіздігі арттырылады.

Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қала құрылысы қандай қағидаттарға негізделетінін түсіндірді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алатау қаласын дамыту кезінде гибридтік тәсіл қолдану жоспарланып отыр. Әлеуметтік нысандар – мектептер, ауруханалар мен емханалар – еліміздегі қолданыстағы нормаларға сәйкес типтік жобалар бойынша салынады. Ал ерекше архитектуралық жобаларға жеке инвесторлар тартылып, олар халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылады.

Вице-премьер жобалау саласында жауапкершілікті күшейту көзделіп отырғанын атап өтті. Әрбір инженер, конструктор мен жобалаушы өз шешімі үшін толық жауап беретін болады, тіпті қажет болған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылады.

Сондай-ақ кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл кез келген төтенше жағдай кезінде залалды өтеуге мүмкіндік береді және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Қанат Бозымбаев бұл шаралар жобалардың құнын арттыруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Дегенмен, оның айтуынша, мұндай талаптар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет және түпкілікті нәтижеде сапаны арттырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button