Әлем жаңалықтары
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар қатынауда

Фото: Димашньюс
Бразилияда автобустардың бірі Димаштың суретімен безендіріліп, қала көшелерімен жүріп өтеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Аталмыш шара Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай әртістің бразилиялық фан-клубы ұйымдастырған «Dimash on the Road» акциясының аясында болады. Бұл жайлы әншінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биыл, екінші жыл қатарынан қалалық автобустардың бірі толығымен қазақстандық әншінің суреттерімен безендіріліп, Форталеза қаласының көшелерімен жүріп өтеді.
Zakon.kz жазғандай, сондай-ақ, автобуста «Әлемдегі ең ерекше дауыс!» деген жазу жазылған.
Әншінің фотосы мен ұранынан басқа, автобустың артқы жағында Димаштың 2021 жылғы Digital Show-да «Sos d’un terrien en détress» әні бар QR коды берілген.
Сонымен қатар, автобуста Димаштың 2025 жылға арналған концерттері жарияланған Барселона, Берлин және Лондон сияқты қалалар көрсетілген.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Лара Фабианмен дуэт орындайтындығы хабарланған болатын.