Жаңалықтар
Бразилияның экс-президенті қамауға алынуы мүмкін

Бразилиялық Folha de S. Paulo басылымы экс-президент Жаир Болсонарудың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол қазан айына дейін қамауға алынып, сотталуы мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Мәліметтерге сәйкес, Болсонару 2022 жылы сайланған президент Луис Инасиу Лула да Силваға қарсы қастандық ұйымдастырмақ болды деген айыппен тергелуде. Тергеу материалдарында оның әскерилердің сайланған көшбасшының билікке келуіне жол бермеуге дайын екенін білгені және желтоқсан айында қастандық әрекеттерін қолдауға дайындалғаны айтылған. Алайда Болсонару бұл айыптауларды мойындамай отыр.
Бразилияның Федералды Жоғарғы Сотының судьясы Александри ди Морайс бұрынғы президенттің қорғаушыларының шағымдарын қанағаттандырудан бас тартуы мүмкін. Сот отырысы 10 маусымда аяқталып, Болсонару сотталушы ретінде тартылды.
Еске салсақ, 2024 жылғы 22 қарашада Бразилияның федералды полициясы Болсонаруға мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып таққан. Тергеу бойынша, экс-президент 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін билікті ұстап қалу мақсатында қылмыстық ұйым құрған.
Соттың соңғы шешімі 2025 жылдың қазан айына дейін шыкарылуы тиіс.