Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Британдық фотограф Бозжыра шатқалына тамсанып, жазба жариялады

Британдық фотограф Бозжыра шатқалын дрон арқылы түсіріп, әсерлі кадрларын Instagram желісіне жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі kazinform_news Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фотограф бұл жерді Қазақстандағы ең сүйікті орындарының бірі деп атаған.

— Бұл — менің Қазақстандағы ең сүйікті орнымдағы, дрон арқылы түсірген кадрларымның бірі. Бұл аймақ соншалықты кең әрі керемет, өзіңнің кішкентай екеніңді сезінуге мәжбүрлейді, — деп жазды Джордж Купер.

Кадрлар желіде көпшіліктің назарын аударып, табиғат әсемдігіне тамсанған пікірлерге ие болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button