Жаңалықтар

Бұдан былай құрылысы бітпеген үйді ипотекаға алуға тыйым салынады

Сенаттың жалпы отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Екі оқылымда қаралған заң жобасы үлестік құрылыс саласын мемлекеттік реттеуді күшейтуге, заңсыз құрылыс үлесін қысқартуға бағытталған. Сондай-ақ мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, автожол саласының кадрлық әлеуетін арттыруды көздейді.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда, аталған сала бойынша қолданыстағы заңнамада үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй салудың 3 тетігімен жұмыс істейді.

1 – тетік: Бірыңғай оператордың кепілдігі арқылы. Тұрғын үй құрылысындағы үлесі 25,5 %. Бірыңғай оператор болып — «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ белгіленді;

2 — тетік: Екінші деңгейдегі банктердің тұрғын үй құрылысына  қатысу арқылы. Бұл тетіктің үлесі — 58,9 %;

3 – тетік: Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін қаржы тарту. Бұл тетік бойынша тұрғын үй құрылысындағы үлесі 15,6 %).

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша бүгінгі таңда үлестік құрылыста проблемалық мәселелер әлі де орын алып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша елімізде тұрғын үй үлестік құрылысын салу бағытында — 99 үй рұқсатсыз салынған және 42 проблемалық үйлер бар.

Халықтың мүдделерін қорғау мақсатында азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу туралы кеңес беру, белгілі бір құрылыс салушыларда ЖАО рұқсатының не бірыңғай оператордың кепілдігінің болуы туралы ақпарат беру үшін Үлескерлерді қолдау орталығы құрылады, — деп түсіндірді заң жобасын сенатор Сүйіндік Алдашев.

Ал жаңа заң бойынша:

— салынып жатқан үйлерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу;

— үлескерлердің қаржыларын тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу;

— салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын тартудың заңдылығы бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың бақылау жүргізуі;

— салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйде жылжымайтын мүлік сатып алуға ипотекаға тыйым салу;

— салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүргізу;

— тұрғын үй құрылысының жоспарлы мерзімін 9 айдан 5 айға ұзартуға рұқсат беру.

— уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы құрылысының аяқталуын күтпей, ЖАО рұқсатын алғаннан кейін бірден үлескерлердің ақшасын пайдалануға рұқсаты керек болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close