Жаңалықтар

«Бұдан да жантүршігерлік қылмыстарды қарағанбыз»: Айжан Құлбаева Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

Атышулы Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева экс-министрдің ісін өз тәжірибесіндегі ең күрделі деп санамайды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Stan.kz-тің дерегінше, судья Бишімбаевтың ісі мұндай дүрбелең тудырады деп күтпеді.

“Мен мұны әдеттегі істердің бірі деп қабылдадым. Сотта мұндай аса ауыр қылмыс жасағандар көп. Бұдан да жантүршігерлік қылмыстарды қарағанбыз. Сол себепті бұл істі тәжірибемдегі ең күрделісі деп санамаймын”, – дейді Айжан Құлбаева.

“Бишімбаевтың ісін не себепті әйел судья қарады?” деген журналистердің сұрағына Жоғарғы соттың судьясы Елена Максюта: “Судьяларға істі компьютер үлестірді. Бұл механизмге ешкім араласа алмайды”, – деп жауап берді.

Айжан Құлбаева да әріптесінің сөз растап, Бишімбаевтың ісі кез келген судьяға түсуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ ол сот процесі кезінде әлеуметтік желіде жазылған бір жақты пікірлерді оқып, таңғалған.

“Желі қолданушыларының мен туралы жазған алуан түрлі пікірлерін көргенде мұқалып қалдым. Халық соттың қылмыстық қудалау органы емес екенін ұмытып кеткен сияқты. Сот айыпталушыны және оның дәлелдерін тыңдауы керек. Желідегі пікірлер мен оған тағылған айыптарға қатысты оның қандай ұстанымда екенін білмек болғанда жазыла бастады”, – дейді Айжан Құлбаева.

Судья Бишімбаевтың ісінен кейін көшеде еркін жүруден қалғанын айтады.

“Өмірім қатты өзгерді деп айта алмаймын. Бәрі баяғыдай: бұрынғы іс, сол баяғы адвокаттар мен прокурорлар. Тек көшеде еркін жүре алмай қалдым. Қазір көп жерге бара бермеймін. Өйткені адамдар бірге суретке түсуді сұрайды”, – дейді судья.

Сондай-ақ ол атышулы істен кейін күзетпен жүретін болған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close