Әлеумет және қоғам
Бүгін — Аналар күні

Фото: ашық дереккөз
Үкіметтің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысына сәйкес бұл мерекенің датасы қыркүйектен мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылған, деп жазды qandastar.kz
«Аналар күні мен Әкелер күні көптеген елде атап өтілетін ресми мерекелер. Олар отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиені арттыру мақсатында біздің елімізде де бекітілді», – делінген 2023 жылғы үкімет хабарламасында.
Аналар күні бүкіл халыққа ортақ мереке. Бұл күн тек баланы дүниеге әкеліп, өсірген әйелдерге ғана емес, өмірін анасына қарыздар әрбір жанға қатысты.
Айта кетейік, Қазақстанда Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Еске салайық, бұған дейін 9 мамыр күні Қазақстан президенті отандастарын Жеңіс күнімен құттықтады.