Жаңалықтар
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Синоптиктер 2025 жылдың 6 шілдесінде, жексенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Болжамға сәйкес, ертең республикамыздың басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады.
«Ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстік пен шығыста, әсіресе табиғат мінез танытады. Кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін», — дейді «Қазгидромет» РМК.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Солтүстік пен шығыста дауыл тұрып, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алматы облысында сынап бағаны +35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады деп күтіледі.