Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді

Жұмада елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы облысының орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматыда күннің екінші жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысының шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысынның батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close