Жаңалықтар

Бүгін Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың туған күні

Фото: ашық дереккөз

2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Елдос финалдық белдесуде француз спортшысы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді.

32 жыл бұрын (1992) қазақ дзюдошысы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Бақтыбайұлы СМЕТОВ дүниеге келді, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Лугов ауданына қарасты Каменка (қазіргі Жалпақсаз) ауылында туған. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2011 жылдан бастап «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінде қызмет етеді. Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының сапында өнер көрсету кезінде Сметов жастар арасындағы әлем чемпионатында (2010 және 2011) алтын және қола медальдарды жеңіп алды. 2012 жылдан бастап ересектер ұлттық құрамасында ойнайды. 2013 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында қола, Самсундағы Гран-при кезеңінде және Тбилисиде өткен Еуропа кубогы кезеңінде күміс, Варшавада өткен дзюдодан Еуропаның ашық кубогында алтын жүлдегер атанды. Ол 2015 жылы Астанада өткен жарыстың финалында тағы бір қазақ балуаны Рустам Ибраевты жеңіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. 2018 жылы 17 наурызда Екатеринбургте (Ресей) өткен «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жетті. 2019 жылдың сәуір айында Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. Шілде айында Будапештте (Венгрия) өткен Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. 2019 жылы Токиода өткен Олимпиада алдындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Ташкентте өткен дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Елдос финалдық белдесуде француз спортшысы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді.

3-дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close