Жаңалықтар
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Фото: ашық дереккөз
28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.