Түркістан облысындағы Жетісай аудандық сотында қарт әкесін соққыға жықты деп айыпталған ер адамға қатысты резонансты іс аяқталуға жақын. 2026 жылғы 15 қаңтар күні сотталушы соңғы сөзін айтып, эмоциясын жасыра алмады, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Сот отырысы барысында айыпталушы көз жасына ерік беріп, өз кінәсін толық мойындады. Ол жасаған ісіне өкініш білдіріп, қоғамнан және марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.
Баршаңыздан кешірім сұраймын. Бүкіл қазақ халқынан кешірім өтінемін. Жасаған ісіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім сұраймын. Ашуға беріліп кеттім. Өмір бойы өкінішпен өтемін. Қателік жасадым. Бүкіл мұсылман қауымынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешірулеріңізді өтінемін. Кінәмді толық мойындаймын, – деді ол сот залында.



